Accessibility links

Хавьер Солана Иранға сапар шекті


Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша жетекшісі Хавьер Солана Иранда екі күндік сапармен болып қайтты. Кәзір одақ пен Иран арасындағы екі жақты байланыстар біршама түзу. Екі тараптың келіссөздері маусым айында Иранның ядролық бағдарламасы күллі әлемге қауіп төндіреді деген себеппен тоқтап қалды. Енді Ирандағы консерваторлар мен реформашылдардың арасындағы сайлау алды теке-тірестері жаңа қиыншылықтар тудырып отыр.

Өткен айда жарияланған Хавьер Солананың Иранға екі күндік сапары алғашында Иранның ядролық бағдарламасының барысына арналады деп жоспарланды. Бірақ Солананың Теғранға екі күндік сапары барысында негізгі мәселе Иранның консервативті Бақылау Кеңесінің парламенттегі вето салу құықығы мен болашақ сайлаулармен үміткерлер құқықтары сөз етілді.

Еуропа Парламентінің өкілі Майкл Гахлердың Еуроодақтың Иранмен байланыстарының мәселесіне былайша тоқталып өтті:

"Егер бұл мәселе шешімін таппаса онда парламенттің 80 мүшесімен және басқада жүздеген үміткерлерге сайлауға түсулеріне салынған тиым алынбаса онда менің ойымша біз кәдүлгі бизнеске бармауымыз керек."

Еуропа Парламентінің өкілдері жағдайды білу үшін екі аптадан соң Теғранға барып қайтады, - дейді Гахлер. Еуроодаққа сайлау ісіне кез келген араласу "ауыр соғады",-деді дүйсенбі күні Солана, Теғранда болған шақта.

Еуроодақтың ресми өкілдерінің айтуынша, одақтың өз ішінде Иранмен келіссөздерді жандандыру мәселесінде бір ортақ пікір жоқ. Еуропа Комиссиясы Иранмен келіссөздерінде басты мәселе ретінде жойқын қаруға баса назар аудара отыра, терроршылдықпен күрес, Иранның Таяу шығыста бейбітшілік орнату ісіндегі орны мен адам құқықтары мәселесінде алға тартуда. Еуроодақтың ресми өкілдері Иранның "ішкі қиыншылықтарын" түсінеді. Ирандағы Батыспен кеңірек серіктестікке баруды қалайтын күштер қазыр қысылыңқы күйде.

Ең қиын түйін ол Британия, Франция және Германия Сыртқы істер министрлері Иранның азаматтық ядролық бағдарламаларына қолдау беретіндігі туралы уәде берсе, АҚШ екінші жақтан Иранның кез келген ядролық бағдарламасына қарсы. Брюсcельде орналасқан Еуропаның Саяси орталығының аға талдаушысы Эберхарт Райнның пікірінше, Еуроодақ түптің-түбінде ұзақ мерзімдік жетістіктер үшін Иран алдында алған өз кепілдіктерін орындауы тиіс, өйткені бұл Ирандағы реформаларды қолдаушы күштерге қажет, олар сырттың қолдауына зәру.

Еуроодақтың "жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік мәселелері бойынша" АҚШ-тың оқшау саясат жүргізуіндегі Иранның маңызы зор,-дейді Райанн. Егер Еуроодақтың Иран алдындағы ұзақ мерзімдік міндеттемелері табысты болса, онда ол oдақтың аймақтық бірлесе түсуіне өз септігін тигізер еді.

"Бәлки Американдықтар барған сайын Еуропалық одақты жақтыртпай қарайды. Әрдайым олар Еуроодақтың оларға тиісілі салаларда көптеген табыстарын көрер болса, онда олар өздеріне бақталастық деп түсінер. Бірақ екінші жақтан олар бұған қуанулары керек, өйткені егер Еуроодақ алға жылжып және көптеген нәтижелерге қол жеткізер болса, онда Еуроодақ Американдықтардың үлгісін қайталай алады", - дейді Эбхарт Райнн.
XS
SM
MD
LG