Accessibility links

Ирақта қақтығыстар жалғасты


АҚШ әскері Ирақта Саддам Хұсейнның үзеңгілесін ұстағанын кеше жариялады. Бұл – Баас партиясының аймақтық басшысы Хамис Сархан Әл Мұхамед. Ирақта кеше қақтығыстар мен шабуылдар жалғаса түсті. Бақұба қаласындағы жарылыстан 5 адам қаза тапты, 30 шақты жараланды. Самарра қаласының сыртындағы атыста АҚШ сарбаздары сегіз сезікті азаматты өлтірді. АҚШ әскери жүктерін әкетіп бара жатқан көліктерге Тикрит қаласының маңында шабуыл жасалып, екі пәкістандық пен бір түрік азаматы өлтірілді.
XS
SM
MD
LG