Accessibility links

Еуропа Одағы Ресейдің Грузиядағы әскери базаларын тезірек жабуға шақырды


Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Солана Ресейді сөзінде тұрып, Грузиядағы екі әскери базасын тезірек жабуға шақырды. 1999 жылғы келісімді толық орындаңыздар деген үндеуін Хавиер Солана кеше Тбилиси қаласында айтты. Еуропа Одағы Ресей әскерін шығаруға ақшалай көмек жасай алмайды деп Хавиер Солана Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшесі ретінде Ресейдің қатаң міндеттемесі бар екенін алға тартты. Ресей әскерін әкету шығынына Америка Құрама Штаттары қаржылай көмектесеміз дегені белгілі.
XS
SM
MD
LG