Accessibility links

Италияның “Алиталия” әуе компаниясы өз қызметкерлерінің ереуілі салдарынан бүгін 360-тан аса ұшағын ұшырмайтын болды.


РИМ: Италияның “Алиталия” әуе компаниясы өз қызметкерлерінің ереуілі салдарынан бүгін 360-тан аса ұшағын ұшырмайтын болды. 18 мың жолаушы ұшуға тиісті 360-тан аса ұшақтың тең жартысы халықаралық бағытта қатынайды. Кәсіподақтар “Алиталия” әуе компаниясының алдағы 3 жылда 1,5 мың жұмыс орнын қысқартпақ жоспарына қарсылық білдіруде. Кәсіподақтар мен компания басшылығының және үкіметтің өткен аптадағы келіссөздері нәтижесіз аяқталды.
XS
SM
MD
LG