Accessibility links

Тәжікстан өз экономикасын дамыту үшін қазақ кәсіпкерлері мен қазақ инвестицияларын көмекке шақыруда.


ДУШАНБЕ: Тәжікстан қазақ кәсіпкерлері мен қазақ инвестицияларын өзінің экономикасын дамытуға шақырады. Оның ішінде тәжік экономикасының түсті металлургия, энергетика және су ресурстары салалары қазақ инвестицияларына аса зәру көрінеді және осы салаларда қазақ кәсіпкерлерімен бірлескен кәсіпорын ашуға дайын. Тәжікстан өзінің тұтынысына қыс маусымында жетпейтін 3 миллиард киловатт электр қуатын Қазақстаннан сатып алмақ. Тәжікстанның сыртқы істер министрі Талан Назаров қазақ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG