Accessibility links

Қазақстан Компартиясы басшылығындағы жағдай


Қазақстан Компартиясыныі екінші хатшысы депутат Владислав Косарев дүйсенбіде журналистердің басын қосып, соңғы айлардағы Компартия басшылығындағы кейбір проблемаларға тоқталды.

- Өткен жылдың желтоқсан айында ДТҚ саяси кеңесінің мүшесі депутат Төлен Тоқтасыновтың Компартия хатшылығына сайлануына байланысты коммунистер ұйымының басшылығында дау туындады, саяси ұйым екіге бөлінді деген әңгіме шығуда. Бірақ жағдай олай емес, біз өз ішіміздегі ахуалды өзіміз шешеміз, - деді Владислав Косарев.

Компартияның екінші басшысының айтуына қарағанда, бұл саяси ұйым бұрынғысынша жұмыс істей береді. Партияның жетекшісі Серікболсын Әбділдин тәжірибелі, білімді, беделді азамат. Үлкен ғалым. Оның Компартия басшылығында болуы біз үшін маңызды деді.

Депутат Төлен Тоқтасыновтың Компартия хатшылығына сайлауы пленум барысында оның мүшелерін әрқилы ойға салды. Кейбірі Тоқтасыновтың хатшылыққа сайлануымен келіспей, залдан шығып кеткен. Орталық Комитет ішінде оның мүшелері тарапынан бір-бірімен келіспеушілік туындаған. Мұны заңды құбылыс деп түсінуіміз керек, өмір солай деді Косарев.

Өз кезегінде сөз алған Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Маргеррамов Маргеррам Төлен Тоқтасыновты мен жеке танымаймын. Көп коммунистер де оны білмейді. Керек десеңіз, ол тіпті коммунист те емес. Ол партия жарғысын білмей тұрып, Орталық коитетке мүше болып, хатшылыққа бірден сайланып кетуіне келісе алмаймыз, дегенді айтты. Серікболсын Әбділдин бізбен, яғни Орталық комитет мүшелерімен келіспей, оны хатшылыққа ұсынып, сайлауы орынсыз болды дейді.

Осы басқосуда коммунистер жер мәселесіне орай алаңдаушылықтарын білдірді. Биыл соңғы жыл жерді 49 жылға жалға беру жүргізіледі. Ал келесі жылдан бастап, жерді жекеменшікке беру, сату қарқынды жүреді. Сондықтан, ауыл тұрғындары жерді жалға алуда мұқият болу керек дегенді айтты.

Қазір коммунистер алдағы есеп беру-сайлау шараларына қызу дайындық жасауда.
XS
SM
MD
LG