Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Самар аулында жаңа балық зауытының бірінші кезегі іске қосылды.


Бұл шараның тұсаукесеріне аймақ басшысының орынбасары Дүйсенбай Селиханов қатысты. ҚазАқпаратқа бұл туралы облыс әкімі аппараты әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстандық «Балық өнеркәсібі» фирмасы жарты жылға жуық мерзім ішінде Самар ауылында салған аталмыш балық зауытында бүгінде 90-нан астам адам еңбек етуде. Балық өнімдері өндіріс орнына жақын орналасқан су тоғандарынан: Балқаш, Зайсан және Алакөл көлдерінен жеткізіледі. Өндірісті шикізатпен 250 балықшыдан тұратын балық аулау бригадалары қамтамасыз етуде. Аймақ басшысының орынбасары Дүйсембай Селихановтың атап көрсетуінше, аймақтың атқарушы өкіметі ауылдық жерде мұндай өндірістің ашылуын қызу қолдайды және ауылдық жерде жаңа жұмыс орнын құрып отырған өндірушіге жан-жақты көмек көрсетеді. «Балық шаруашылығы» кәсіпорны алдағы уақытта бұл жерде 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашпақ ниеті бар екенін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG