Accessibility links

БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан Ирақтағы Басқару кеңесінің делегациясымен және уақытша американ-британ әкімшілігінің жетекшісі П.Бремермен келіссөздер өткізді.


НЬЮ-ЙОРК: Дүйсенбіде БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтағы Басқару кеңесінің делегациясымен және уақытша американ-британ әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремермен келіссөздер өткізді. Кездесу - Ирақтағы ахуалды үйлестіруге БҰҰ-ының белсенді атсалысуын көздейтін К.Аннанның өтінішімен болды. Дүйсенбіде Бағдадта аятолла Әли Ас-Систаниді қолдайтын шеит-мұсылмандарының жаппай шеруі өтті. Олардың басты талабы – Ирақтың жаңа үкіметін жасақтау үшін ертерек тікелей сайлаулар өткізу.
XS
SM
MD
LG