Өткен жылы бiтiк егiн өсiрген Қазақстанда астық тапшылығы туындауы, тiптi, нан сатып алуға шектеу қоятын карточкалық жүйе енгiзiлуi мүмкiн деген әңгiме шыға бастады. Қаңтардың 20-сы күнi астық нарығындағы ахуалға түсiнiктеме берген жауапты қызметкерлер мұны қисынсыз қауесет деп бiледi. Ауыл шаруашылығы министрлiгi егiншiлiк департаментiнiң директоры Арман Евниевтiң айтуынша, экспортқа шығаратын да, iшкi базарды қамтамасыз ететiн де астық қоры жеткiлiктi. Элеваторларда 4 миллион тоннадан астам бидай сақталуда. 2004 жылдың астығын жинағанша 1 миллион 800 мың тонна астықты экспортқа шығару мүмкiндiгi бар.
Ал «Азық-түлiк корпорациясы» Жабық акционерлiк қоғамының 1-вице-президентi Абай Бисембаев iшкi базарды қамтамасыз етуге арналған 900 мың тонна астық жазға дейiн сатылады. Осы аралықта нанның қымбаттауына жол бермеуге тырысамыз»,-- дедi. Ол үшiн 1 тонна бидай iшкi базарда шамамен 145 доллардан сатылмақ. Ал нарықтық баға 160-165 доллардың көлемiнде. Наубайшылар болса 1 бөлке нан 22-24 теңгеден 40 теңге бiр-ақ секiретiнiн, тiптi, одан да асып түсуi мүмкiн екенiн ескертуде. Бисембаев мырзаның есебiнше, бидайдың нарықтық бағасымен алғанда да 32 теңгеден аспауға тиiс.
Азық-түлiк корпорациясы iшкi базарда бидай сатуды арнайы кесте бойынша жүргiзедi. Алдымен Қазақстанның егiншiлiгi дамымаған Батыс аймақтары, одан кейiн Алматы, Астана және Қарағанды сияқты iрi қалалар, бұлардан соң басқа аймақтар қамтамасыз етiледi. Ал астық өсiретiн Солтүстiк аймақтар өз күндерiн өздерi көрмек.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң деректерiне қарағанда, нан мен ұнды әрбiр адамға шаққандағы тұтыну деңгейi Оңтүстiк Қазақстан облысында жалпыреспубликалық көрсеткiштен екi есеге асып кеткен. Егiншiлiк департаментiнiң директоры Арман Евниев мұны оңтүстiк өңiрлерде астық өнiмдерiн заңсыз жолмен шекара асырудың етек алып кеткендiгiнен көредi.
Азық-түлiк корпорациясының 1-вице-президентi Бисембаев мырзаның айтуынша, Қазақстан астығының экспорты Тәуелсiз Елдер достастығына бағытталып отыр. Әсiресе, Ресей мен Украинаның сұранысы артып отырған көрiнедi. Шет ел ғалымдары бұл елдерде астық шығымы биыл да орта деңгейден төмен болатынын болжауда. Сондықтан, Азық-түлiк корпарациясының бидай экспорттау көлемi ұлғая түсуi мүмкiн.