Accessibility links

АҚШ да Демократиялық партияның алғашқы жиынында Джон Керри жеңіске жетті.


Лес Моинес. Аяова штаты. АҚШ-ның Демократиялық партиясының Аяова штатында өткен алғашқы жиынынында президенттіктен үміткер Джон Керри жеңіске жетті. Биылғы президенттік сайлауда Джон Керри кәзіргі президент Джордж Буштың негізгі бақталасы болуы мүмкін. Вьетнам соғысының ардагері Джон Керри Буш туралы былай деді: "Джордж Буш қарапайым тілмен айтқанда біздің елдің жаңа тарихында астамшыл да икемсіз және жетесіз идеологиялық сыртқы саясат жүргізіп отыр". Келесі партия жиынын демократтар Нью Хампшыр штатында өткізбек.
XS
SM
MD
LG