Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы билікті ұлттық өкіметке беру мәселесінен туған талас-тартысты басуға жаңа қадам жасады.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы билікті ұлттық өкіметке беру мәселесінен туған талас-тартысты басуға жаңа қадам жасады. Ол мәселені президент Вашингтонда Ирақтың Басқару кеңесінің жетекшісі әрі шеит-мұсылмандарының көсемі Аднан Пачачимен талдады. Шеиттер Ирақта тікелей сайлау өткізуде талап етіп жатса, АҚШ-тың жоспары – уақытша тағайындалған ассамблея арқылы өтпелі үкімет жасақтауды қарастырады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл мәлімдегендей, Вашингтон уәжге келтіретіндей ешқандай арнайы нұсқа ұсынбайды, бар болғаны – мүдделі саяси күштердің қолдауын алу үшін бұрынғы жоспарды пысықтау көзделуде.
XS
SM
MD
LG