Сүлеймания. Ирақ. Бүгін Ирақ Басқарушы Кеңесіндегі күрдтер өкілі Махмуд Оцман шииттердің Ирақта ерте сайлау өткізу жәйлі талабына қарсы шықты. АҚШ да, Ирақтың Басқарушы Кеңесі де Ирақтағы билік уақытша үкімет қолына өтетін маусымның 30 нан бергі жерде сайлау өткізу мүмкін емес деп отыр. Шиит мұсылмандары бүгін тағы да Самайа қаласында ерте сайлау өткізуді талап етіп шеруге шықты.
Вашингтонда президент Буш Ирақ Басқарушы Кеңесінің мүшелерімен Ирақтағы билікті ирақтықтарға өткізу жолдарын талқылады.