Accessibility links

Қазақстан осы күнгі бүкіл әлемдегі ең таза радиоактивті емес осмий-187 изотопын сата бастайды және осы салада әлемдік монополия орнатуға мүмкіндігі бар.


АЛМАТЫ: Қазақстан осы күнгі бүкіл әлемдегі ең таза радиоактивті емес осмий-187 изотопын сата бастайды. Оның тазалығы – 99,97 пайызға тең. Минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі Қазақстанның Ұлттық Орталығының бас директоры, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдірасул Жәрменов сәрсенбіде осылай деп мәлімдеді. Изотопты сату туралы Чехиямен 40 млн. долларға бірінші шартқа қол жеткен. 1 грамм осмийдің бағасы – 10 мың доллар. Әбдірасул Жәрменовтің мәлімдеуінше, осмий өндірісі мен саудасында Қазақстанның бүкіл әлемде монополия орнату мүмкінідігі бар.
XS
SM
MD
LG