Accessibility links

Үй құстарының жаппай “тауық тұмауына” шалдығуы Жапония, Оңтүстік Кәрей және Вьетнам сынды бірден үш Азиялық елде тіркелді.


ХАНОЙ: Үй құстарының жаппай “тауық тұмауына” шалдығуы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Жапония, Оңтүстік Кәрей және Вьетнам сынды бірден үш Азиялық елде тіркелді. Дүниежүзілік ұйымның пікірінше, бұл жағдайдың теңдесі жоқ және аса қауіпті. Әлгі дерттің құстардан адамға жұққан оқиға тіркелген жалғыз ел – Вьетнамдағы жағдай тіпті ушығып тұр: 5 кісі көз жұмып, 17-сі ауруханаға тап болды. Адамнан адамға жұққан оқиға әзірше тіркелмеді.
XS
SM
MD
LG