АСТАНА: Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ақпараттық қызметі Еуропа мен Орталық Азиядан шыққан босқындарды қабылдау бағдарламасын таратты. Оған сәйкес, 2004 қаржы жылы аталмыш аймақтан 13 мың адам қабылданбақ. Осы бағдарлама бойынша өткен жылы АҚШ Еуропа, Орта Азия және Балтық теңізінің жағалауы елдерінен 11.269, ал 2001 жылы 30.000 эмигрантты қабылдаған. Қабылдаудың күрт қысқаруына – 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейінгі қауіпсіздік шараларының қатаңдатылуы мен құжаттарды рәсімдеудің күрделенуі себеп болған.
АҚШ - Еуропа мен Орталық Азиядан шыққан босқындарды қабылдау бағдарламасы бойынша 2004 қаржы жылы аталмыш аймақтан 13 мың адам қабылдайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV