Кеше Ирақта көтерілісшілердің ереуілі кезінде бес американ солдаты және үш Ирақ азаматы мен бір полицей қаза болған.
Бағдадтың батысындағы Калдия қаласында автомобилдік бомба жарылысынан үш американ солдаты сол жерде опат болып, тағы да алтауы және бірнеше Ирақ азаматы жараланған. Фаллужа қаласына жақын жерде жол үстіндегі бомба жарылысынан да екі солдат қаза болған. Ал Самарра қаласында көліктегі бомба жарылған сәтте үш бейбіт тұрғын опат болып, басқа 33 адам жарақат алған. Самарраның губернаторы Шейкер Махмуд бомба шабуылының адамдар топталған жерде жасалғанын айтады:
- Жарылыс сағат 10-да сот ғимараты алдында болды, мұның артында Самаррада бейбітшілік болғанын қаламайтындар тұр, - дейді ол.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?