Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Тбилисиден кейін Мәскеуге келді


Тбилисидегі бұл ант беру салтанатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел қатысты. Ертеректе АҚШ орыстардың бұл елдегі әскерлерінің алып шығып кетуіне асықпау керек деген болса, енді Мәскеу өз қосындарын алып кету мәселесін тездестіруі қажет деген ойды айта бастады. Сондай-ақ Колин Пауел, АҚШ Гүржістанда өз әскери базасының болуын қаламайды, деген.

- Біз Гүржістан мен қажетті мәселеллерді тек қана саяси келіссөздер арқылы шешуді қалаймыз. Бізге бұл жерден әскери базалар қажет болмайды, - деген Колин Пауел.

Тбилисиден кейін Колин Пауел Мәскеуге іссапармен келді. Дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысының президент Путин және Сыртқы істер министрі Сергей Ивановпен келіссөздері басталды. АҚШ Ресей Ирақққа әскери қару-жарақтар сатқан деп айыптап келеді.
XS
SM
MD
LG