Accessibility links

Жоғарғы оқу орындарына сапа менеджментін енгізу мәселелері талқыланды


Қаңтардың 27-сінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастырудағы менеджмент жүйелері» мәселесіне арналған ІІ-республикалық семинар болды. Семинарға Томск политехникалық университетіндегі Сібір зерттеу орталығының директоры Евгений Рузаев қатысып, өзі қызмет ететін оқу орнында 1999 жылы енгізілген «ISO – 901» халықаралық сапа менеджментінің артықшылығына, оның оқу бағдарламасын жетілдіруге тигізген әсеріне тоқталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беруді мемлекеттік ақпараттандыру және нұсқау департаментінің төрағасы Жексенбек Әділов Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім сапасының төмендеп бара жатқандығы томскілік мамандар тәжірибесіне жүгінуге мәжбүр етіп отыр деп мәлімдеді. Желтоқсан айында Қарағанды қаласында жоғары оқу орындары оқытушыларына арнап өткізген І республикалық семинарда білім берудегі сапа менеджментін енгізудің міндеті мен мақсаты жан-жақты талқыланған. Соған орай, барлық жоғары оқу орындарының ректорларына ақпанның 1-іне дейін сапа менеджменті жөнінде мәлімет беру қажеттігі айтылған болатын. Алайда, күні бүгінге дейін республика бойынша бар-жоғы 6 университеттің басшысы ғана тиісті ақпар бере алған. Жексембек Әділовтің айтуынша, сапаны басқарудың жаңа жүйесін қолданысқа енгізу жоғарғы оқу орындары арасында бәсекелестікті дамытуға, жалпы Қазақстанның білім беру жүйесін жоғары деңгейге көтеруге ықпалын тигізеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор Ғарифолла Есім аталған мәселе туралы былай деді.

- Сапаның менеджменті бұл қазіргі кездегі өте маңызды мәселе. Біз сапа дегенде нені айтамыз? Сапа деген біздің елдің басқа елдермен қатар қарым-қатынасқа түсіп өзіміздің шығарған бұйымдарымыздың я болмаса бітірген біздің студенттеріміздің бар жерде жұмысқа орналаса алу мүмкіндігі. Егер біз сапа мәселесін алға қоймасақ үнемі артта қала береміз. Шынын айту керек. Біздің мамандарымыз әлемдік білім беру саласында сұранысқа ие болмай отырғандығы шындық. Осы сапа мәселесін көтермесек алға шыға алмаймыз.

Сапа туралы біздің өзіндік түсінігіміз қалыптаспай, оны түбегейлі түсінбей сапалы маман да, сапалы өнімде жасай алмаймыз,- дейді профессор Ғарифолла Есім.

- Қалай жасауымыз керек? Оның технологиясы қандай? Бірінші біздің сапа туралы танымымыз қалыптасуымыз керек. Тек бір жерден қағаз алып келіп, біз сапа жасай алмаймыз. Қазір сапасыз ешкімді де алдай алмайсың. Сондықтан қазір оқу орындарында сапа мәселесі бірінші орында тұру керек.
XS
SM
MD
LG