Солтүстік Израиль түрмелерінің бірінде отырған палестиндық 30 тұтқын сәрсенбі күні азат етіліп, Германияға ұшырылды. Бұл Израиль мен Ливандық Хезболла топтары арасындағы тұтқындар алмасу жоспарының бір парасы.
Германияның араағайындығымен Израиль, бүгін бейсенбіде, тағы да 436 тұтқынды әйгілі бизнесмен Елханан Танненбаум және 3 еурей сарбазының сүйегі үшін босатпақ.
Танненбаумды осыдан 3 жыл алдын Хезболла тобы ұрлап кеткен болатын. Бостандыққа шыққан палестиндықтар Германия әуежайларының біріне жеткізілді.
Ал Бейрұттан, үш сарбаз мәйіті мен, Танненбаум Германияға қарай жолға шыққан.
Бұл арада сәрсенбі күні Газа ауданында болған атыспалар кезінде 8 палестин азаматы қаза тапты.