Accessibility links

Давид Кей Ирақта жойқын қару жоқ деп біледі


Сәрсенбі күні Конгресс комитеті алдында сөйлеген сөзінде АҚШ қару сарапшыларының бұрынғы жетекшісі Дэвид Кей өткен жылы соғыс алдында Ирақта жойқын қарудың болғаны дәлелденбеген еді деді.

АҚШ қару сарапшыларының бұрынғы жетекшісі Дэвид Кей сәрсенбі күні АҚШ Сенатының қарулы күштер жөніндегі Комитетінде сөйлеген сөзінде өткен жылғы соғыс алдында Ирақта жойқын қарудың болғаны жөнінде нақты дәлелдің болмағанын мәлімдеді:

"Ол жерде әскери мақсаттағы химиялық, биологиялық қарулар қоры болды деу шындыққа мейлінше жанаспайтын тәрізді".

Теороия жүзінде кейбір тиым салынған қарудың табылуы мүмкін десек те іс жүзінде мен бұлай болады деп сенбеймін деді Дэвид Кей. Дэвид Кей өзі жетекшілік еткен сарапшылар тобының қанша іздегенмен жойқын қару нышанын таба алмағанын мәлімдеді. Дэвид Кей бұл қызметін өткен жұма күні тапсырған.

"Жұрт: Ей сіздер барлық жерді сүзіп шыққан жоқсыңдар ғой. Қарулар бір жерге тығылып тасталған болуы керек, деуі мүмкін. Шынымызды айтсақ біз де "мүмкін" дегіміз келеді."

Ирақта ядролық, химиялық және биологиялық қару бар деген айыптау президент Джордж Буштың Ираққа шабуылдауына негіз болғаны аян. Дэвид Кей Ирақта жойқын қарудың жоқ болып шығуы Америка барлау қызметінің осалдығын дәлелдейтін болды деді. Американың барлау қызметі өз жұмысына жақсартуы керек деді:

Дэвид Кейді өткен жылы Буш әкімшілігі Ирақ жойқын қаруын іздейтін сарапшыларға жетекші етіп бекіткен. Ол кезде мен Ирақта жойқын қару бар деп сенгенмін дейді Дэвид Кей. Ол Саддам Хұсейн АҚШ мен өзге әлемге қатер төндірді деу ақылға симайды дейді.

"Егер сіз соңғы 12-15 жыл ішінде Ирақ бойынша жиналған барлау нәтижесін оқитын болсаңыз, Ирақ өзінің жойқын қаруымен әлемге соншалықты қатер төндірді дегенге сенуіңіз қиын деп ойлаймын."

Ираққа қарсы соғысты ақтау үшін барлау қызметінің сарапшыларына Буш әкімшілігі салмақ салды деген кейбір Демократ сенаторлар айтқан сындарды Дэвид Кей жоққа шығарды. Ол өзінің бірнеше барлау қызметінің сарапшыларымен сөйлескенін айтады , барлау сарапшылары Буш әкімшілігі тарапынан ондай қысымдар болды демеген.
XS
SM
MD
LG