Аталған шара Азия Даму банкінің жобасы бойынша ұйымдастырылды. Жиынға денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Қазақ тағамтану академиясының және Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың айтуынша, ең алдымен йодтандыру бағдарламасын қолға алу қажет. «Соңғы жылдары халықтың 60 пайызы иодтың жетіспеуінен түрлі ауруларға шалдығып отыр», -дейді Т. Шарманов. Семинар жұмысы ертең де жалғасады.