Accessibility links

Құқық қорғаушылар Шешенстанда адам құқықтары тапталып жатыр дейді


Мәскеу жағы Шешенстанда жағдай қалыпқа түсе бастады десе құқық қорғау ұйымдары бұл республикада адам құқықтары әлі де тапталып жатыр деп дабыл қағуда. Құқық қорғаушылар Шешенстан тұрғындары екі жақтан да Ресей жасақтары тарапынан да, шешен көтерілісшілері тарапынан да запа шегіп отыр дейді.

Құқық қорғау ұйымдары Шешенстанда адам құқықтарының аяқ асты болуы жалғасып келе жатыр деп біледі. Жағдайдың бұлайша қалыптасуына екі жақ та; Ресей жасақтары да, шешен көтерілісшілері де кінәлі деп біледі құқық қорғаушылар. Олар аймақта зорлық-зомбылықтардың орын алып жатуына мәскеушіл Шешенстан президенті Ахмед Кадыровке бағынатын қауіпсіздік күштері де кінәлі дейді. Ресей федералдық күштерімен шешен көтерілісшілерінің шайқасы мінеки бесінші жылға созылып барады. Шешенстанда қанша адамның азапталып, қанша адамның өлтірілгені белгісіз. Өткен аптада Еуропа Кеңесі жария еткен мәлімет бойынша Шешенстанда 2000-2003 жылдар арасында 10 мыңға жуық қиянат көрген адамдардан шағымдар түскен.

Нью-Йоркте орналасқан Хюман Раитс Воотш құқық қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Ротс:

"Біз қарсы болып отырған нәрсе Ресей үкіметінің соғыста хайуандық тәсілдер қолданатындығы. Әкетілген адамдардың азапталынып содан кейін олардың жоғалып жату фактілері басы ашық қылмыс, қылмыс болғанда да соғыс қылмысы."

Кеннет Ротс, сондай-ақ, шешен көтерілісшілері де хайуандық жасаудан қалыспайды дейді. Беталды бомбалау, Ресей азаматтарына шабуылдар соның дәлелі. Оның ішінде 2002 жылы Мәскеудегі Дубровка театрына болған шабуыл да бар. Лондонда орналасқан Соғыс және бейбітшілік Институтының маманы Томас де Ваал Шешенстандағы зорлық-зомбылыққа жауапты 3 топты атайды. 1. Ресей әскері. 2. Жікшіл көтерілісшілер. 3. Мәскеушіл Шешенстан президенті Кадыровтың әскері.

"Жаңа саясат "шешендендіру" саясатының бірі. Яғни Кадыровке мол жауапкершілік жүктеу. Ол деген сөз ол және оның адамдары бұрын Ресей солдаттары не жасаса соны жасап жатыр деген сөз." Бұл пікірге Азат Еуропа және Азаттық радиосының Солтүстік Кавказ редакциясының директоры Аслан Дукаев та қосылады:

"Кадыровтың қауіпсіздік күштері барған сайын белсенділік танытып жатқаны жәйлі деректер бар. Зорлық-зомбылықты кім жасап жатқанын айту қиын. Алайда, орыстар көтерілісшілермен есеп айырысып жатқан Кадыровтың қауіпсіздік күштеріне үміт артатын тәрізді. Әрине, орыстар бұ жанжалдың шешен аралық жанжалға айналғанын жақсы көреді."

Дукаевтың айтуынша бүгінде Кадыровтың қол астында 4 мыңдай жауынгер бар. Олардың дені бұрынғы тұтқындар. Бүл әскерді Кадыров пен оның ұлы Рамзан басқарады. Дукаев осы Рамзан Кадыров адам ұрлаумен адам азаптауды ұйымдастырушы деген айыптаулар бар дейді.
XS
SM
MD
LG