Иранға ақпан айында АҚШ сенатының бір топ мүшесі келмек. Шара екі жақтық қатынасты жақсартуға бағытталып отыр. Сенат мүшесі Арлен Спектер бұған Иран да ынта танытады деп мәлімдеді.
Арлен Спектер бастаманы президент әкімшілігіндегі басты тұлғалармен, Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Мұхамед Джавад Зарифпен талқылағанын айтты.