Accessibility links

БҰҰ Грузия мен Абхазияны сабырға шақырды


Біріккен Ұлттар Ұйымы Грузия және бөлінуге бет алған Абхазия басшыларын келісім табуға шақырды. Қауіпсіздік кеңесі үндеуді кеше бірауыздан қабылдады. Даулы мәселеде қызылкеңірдек сөзден аулақ болуға, соғыс жолымен бопсалаудан ада болуға үндеу айтылды. Абхазия тәуелсіздігін 1991 жылы жариялаған. Азаматтық соғыс барысында он мыңдай адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG