Accessibility links

Иран парламентіндегі кемінде 117 депутат наразылық шарасы ретінде өздерінің жоғарығы заң шығару орнынан кететіндіктерін жариялады


Ақпанның бірі жексенбіде Иран парламентінен кемінде 117 реформашыл депутат, алдағы сайлау қарсаңында, наразылық шарасы ретінде өз қызметтерінен бас тартатындығын жариялады.

Бұл Иран Ислам төңкерісінің 25 жылдығын тойлау мерекесі алдындағы, соңғы ширек ғасырда, орын алып отырған ең ауыр саяси дағдарыс есептеледі.

Иран парламенті Мәжілістегі реформашыл депутаттардың кемінде үштен бірі жексенбі күні өз депутаттық мандаттарын мерзімінен алдын тапсыратындығын мәлімдеді. Оған себеп болған жағдай, консервативті қатаң қолды топтың реформашылдарға қарсы сайлау алдындағы қаралау, сенімсіздік науқаны еді.

Реформашылардан хат түскеннен соң Парламент төрағасы Махди Қаруби Мәжіліске оның мазмұнын жариялап,

- Иран парламентінен 109 мүше қызметтен кету жөніндегі өз арызын берді. Ол хабарға біз, және сондай-ақ, халқымыз бен бірге ресми басшылық та өте өкінішпен қарайды, - деген Парламент төрағасы.

Қызметтен кетпек алғашқы 109 депутаттық топқа соңғы сәтте тағы да кемінде 8 парламент мүшесі қосылып, олардың жалпы санын 117ге жетізді.

Ал бұл арада, Ирандағы Ислам төкерісінің 25 жылдығына арналған он күндік мереке шарасы басталып кеткен болатын. 1979-жылы шах Мохаммад Реза Пехлавидің монархиялық режимі жойылып, Жаңа үкімет дүниеге келгендігі белгілі.

- Реформашылардың ол арызы енді алдағы жиындардың бірінде талқыланып, дауысқа қойылады, - дейді Мәжіліс төрағасы.

Детутаттық міндеттерін өз еріктерімен тапсырған заңгерлердің сексенін ақпанның 20сында болатын парламенттік сайлауға жіберілмейді деп Бақылау кеңесі шешкен.

Реформашыл депутат Али Мазрұй өзінің шағым хатында, 290 орындық Мәжіліске жазғанындай, өздеріне жасалған шектеулер Кеңестегі консервативті қатаң қолды топтан шығып отырған сықылды.

Парламенттегі Ұлттық қауіпсіздік және Сыртқы саясат комитетінің төрағасы Мирдамади өз газеттерінің жиі жабылып, саяси диссиденттермен студент жастардың заңсыз тұтқындалғандығы жөнінде де шағым айтты.

Міне сол Мирдамади 1979-жылы Техрандағы АҚШ елшілігінде 52 дипломатты кепілдік тұтқынға алған кезде бүлікшіл топты басқарған 3 жетекшінің бірі.

- Бүгінгі ең үлкен мәселенің бірі ол сол кездегі төңкерістің үлкен жетістіктерін аяқ асты ету, елемеу, - деген комитет төрағасы.

Сенбі күні президент Мохаммад Хатами министрлер кабинетінің төтенше жиынын өткізіп, ақпанның 20сында болар сайлау жөнінде жариялағаннан соң, дәрігерлердің айтуынша, ол желке ауруымен емделуге кеткен.

Бірақ жексенбі күні Мохаммад Хатами аяғына қайта тұрып, Техрандағы жаңа әуежайдың ашылу салтанатында қатысқан.

Тілшілердің хабарлауынша, Иран вице президенті Мохаммад Али Абтахи парламенттегі бұл дағдарысты ахуалға аса абыржулы көрінеді. Сондай-ақ, президент Хатамидің інісі Реза Хатами реформашылдардың қозғалысын жойған Бақылаушы кеңестің іс-тірлігін қатты сынға алған. Енді реформаға деген жылы үміт те жойылды, деген ол.

Иран президентінің інісінің пікірінше, егер қатаң қолды консервативтер сайлауды осылайша өз беттерімен өткізбек болса, әскери күшпен үкіметтік төңкеріс орын алуы да ғажап емес. Онда сайлау заңсыз болып шығады, дейді Реза Хатами.
XS
SM
MD
LG