Accessibility links

Меккеде шайтанға тас лақтыру рәсімі кезінде болған кептелуден кемінде 244 адам қаза тапты


Сауд араб еліндегі Мекке қаласында ақпанның бірі жексенбіде, шайтанға тас лақтыру рәсімі кезінде болған сапырылыста кептеліп қалған 244 мінажатшы қаза тапты. Сондай-ақ 200ден астам кісі жарақат алды. Жексенбі күні таң ертеңнен бастап, қасиетті Мекке қаласынан қажылық кезіндегі адам қазасы жөнінде қайғылы хабар тарай бастады.

Сауд араб еліндегі Мекке қаласында ақпанның бірі жексенбіде, шайтанға тас лақтыру рәсімі кезінде болған сапырылыста кептеліп қалған 244 мінажатшы қаза тапты. Сондай-ақ 200ден астам кісі жарақат алды.

Жексенбі күні таң ертеңнен бастап, қасиетті Мекке қаласынан қажылық кезіндегі адам қазасы жөнінде қайғылы хабар тарай бастады.

Арафат тауы мен Мина қаласы арасындағы Мұздалифа шатыр лагерінде бір күн түнеп, жексенбі күні таң ертең мінәжатшылар Мина қаласына келе бастайды. Бұл жерде қажылық шарттарының бірі шайтанға тас лақтыру рәсімі жүріп жатады. Міне сол арада абайсызда болған қыспақтан сығыспа аласапыраны басталып кетеді. Ал оның арты қайғылы уақиғаға ұласады.

Сауд араб елінің қажылық істері бойынша министрі Ият Маданидің айтуынша, кептелу кезінде кемінде 244 адам қаза тауып, 250 шақты кісі түрлі жарақат алған.

Шайтанды тасборанға алу рәсімі – Джамраға ұмтылған екі миллиондай адам қозғалысын бірден тоқтату әрине оңайға түспейді. Қыспақ басталып, кісілер аяқасты болып жатқан жерге құтқарушы топ пен жедел жәрдем көліктерінің дабыл қағып жетуі де қиынға соғады.

Дегенмен, қажылық кезіндегі мұндай апаттар бұрын да болып тұрған. Мысалы, 1990-жылы сол Мекке қаласында болған кісі қыспағынан 1400 адам қаза тапса, өткен жылы сондай уақиғадан 14 адам ол дүниелік болды.

Вашингтондағы мұсылмандар ісі бойынша кеңестің директоры Хасан Ибрагимнің айтуынша, қажылық кезіндегі шарттарды орындау әрекеттері аса қатаң тәртіппен жүріп отырады. Бірақ миллондаған адам бір уақытта қозғалған кезде болар шамалы іркілістің өзі қайғылы аяқталуы мүмкін.

Жексенбі күнгі қайғылы уақиғадан кейін хабарласқанымызда Вашингтоннан тұрып Хасан Ибрагим мырза бізге былай деген болатын.

- Бағдарламаға орай, жұрт сенбі күні кешке таман Арафат жазығынан Меккеге қарай жолға шығады. Түн жарымда олар Мекке маңайындағы белгілі жерге жетеді. Ал енді, сол кездегі екі миллон адамның бір бағытта қозғалғанын көз алдыңа келтірудің өзі қиын шаруа емес пе, - дейді Хасан Ибрагим. Ал Ибрагимнің айтуынша, Мина қаласы маңайындағы кейбір өтпелдер тарлау келеді.

- Жүз мыңдаған адам теңіз сықылды толқындатып жүрген кезде болған шамалы ғана қате жүрістен қыспақ басталып кетуі мүмкін. Ондайлар болып та тұрады, - дейді Хасан Ибрагим.

Меккедегі қажылық үш күндік Құрбан айт мерекесімен жалғасады. Бүкіл әлемдегі мұсылман жұрты шама-шарықтарына қарай, игі ниетпен құрбандық шалып, көл-көсір дартархан жайып жатады.
XS
SM
MD
LG