Accessibility links

Қазақстан Даму Банкі инвестициялық жобаларды несиелеуді бастады


Қазақстан Даму Банкінің Президенті Қамбар Шалғымбаев елдің 2015 – жылға дейінгі индустриальды – инновациялық стратегиясын жүзеге асыру барысында даму институттардың арасында бірінші болып, ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға кіріскендігін мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаларды қаржыландыру екі бөліктен тұрады. Біріншісі, қазақстандық тауар өндірушілерді экспортқа шығару үшін, көрші Орталық Азия мемлекеттеріне инвестиция құю. Қазақстан Даму Банкі Президентінің ойынша, Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде жетекші ел екендігін әлем мойындап отыр. Сондықтан да алдағы уақытта көрші Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне Даму Банктің өкілдіктерін ашып, ондағы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бар, – дейді Қазақстан Даму Банкінің Президенті Қамбар Шалғымбаев. Бұл жерде Қамбар Шалғымбаев экспортқа халықаралық банктермен мәселен, Ислам Даму Банкі мен Еуропалық Даму Банкі секілді институттармен бірігіп жұмыс істейтіндіктерін баса айтып кетті.

Даму Банкі жоспарлап отырған екінші жоба, ол Қазақстанның ішкі технологиялық жобаларын несиелендіру. Болашақта Қазақстан Даму Банкі Солтүстік-Оңтүстік транзитінің екінші желісі құрылысының екінші және үшінші кезеңін жүзега асыруға, Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағындағы теңіз операциясын қолдау базасының екінші кезектегі құрылысына, Павлодар облысындағы алюминий өндіру жөніндегі электролиз зауытының құрылысына және Байқоңыр қаласынан «Ангара А-5» ғарыштық зымыран кешенін құруға неси бөлініп отырғандығын айтады. Мысалы Солтүстік-Оңтүстік транзитінің жалпы сомасы 280 млн. долларды құрайды екен. Бірінші кезеңде Еуропа Даму Банкімен бірлесіп қаржыландырамыз, – дейді Даму Банктің Президенті Қамбар Шалғымбаев.

Қазақстан Даму Банкі Президентінің айтуынша, олардың қорында 41,7 млрд. теңге бар. Банктің активтері 84,2 млрд.-тан астам теңгені құрайды. Даму Банк бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге есептелген инвестициялық жобаларды іріктеп, несиелейді екен. Олардың жоспарлары бойынша, Даму Банк жүзеге асырып отырған операциялар бойынша, 50 000 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG