Accessibility links

Еуропа парламентінің депутаты Оливер Дюпи Шешенстан мәселесін ортаға қойып аштық өткізіп жатыр


Шешенстан мәселесіне барша қоғамның назарын аудару мақсатында Брюссельде өтіп жатқан аштық ереуіліне 15 күннен асты. Аштықты Еуропа парламентінің депутаты Оливер Дюпи өткізуде. Бұл азамат Шешенстандағы жағдайды зұлмат деп қабылдайды. Ресей басына 1999 жылы Владимир Путин келгелі елде адам құқықтары өте өрескел бұзылып жатыр, дейді Оливер Дюпюис. Ресейдің Шешенстанда соғыс жүргізіп жатқанынан төрт жарым жыл болды.

Еуропа парламентінің депутаты Оливер Дюпи Шешенстан мәселесін әділ қарауды талап етіп осыдан екі жыл бұрын алғаш аштық өткізген. Онда ол 24 күн ауыз бекітті. Енді міне наразылықтың ең қиын қадамына Оливер Дюпи тағы барды. Ол тек су ішеді, сондай ақ, күніне үш рет сұйық кофе ішеді және витаминдерді қабылдайды. Тамақ ішпегеннен өні қашсада Оливер Дюпидің ойы шапшаң, деп жазады Брюсселден тілшіміз Ахто Лобакяс. Бір қызығы, Оливер Дюпи Шешенстанда ешқашан болмаған. Ресей үкіметі оны кіргізбей отыр. Негізгі мәліметті ол Аслан Масхадовтың бейресми әкімшілігінен және Франция, Британия және Америка Құрама Штаттарындағы зерттеушілерден алады.

Ал бөлінуге бет алған Шешенстан Еуропа Одағының назарын еріксіз аудартады. Америка Құрама Штаттарына тепетеңдік құру мақсатында Еуропа Одағы Ресеймен бірігіп әскери жасақ құрмақ, мәселен. Тек Шешенстандағы қақтығыс мәселесін емес, бір қатар нақты мақсатты алға қойып отырмын, дейді Оливер Дюпи:

- Ғаламдық өлшемдегі мәселе өте қиын. Ізгі көмек көрсету болсын, босқындар мәселесі болсын, көтерілісшіл басшы Аслан Масхадовтың үкіметіндегі жоғары тұлғаларға виза беру мәселесі болсын – көптеген достарымыз Шешенстан жағдайын ортаға салу үшін күреседі. Мұндай шамалы мәселелердің өзі күнделікті тірлікпен бюрократиялық сергелдеңге салынады. Мұның барлығына әбден тойдық.

Қарабайыр шаруаларға ынта танытқысы келмейтіні Еуропа Одағына жараспайды, себебі "ұлы Еуропа демократия мен адам құқықтарын алға жылжытуды" міндет еткен, дейді Оливер Дюпи. Шешен халқының басына үйірілген зұлматты тоқтатқызуды мақсат тұттым, сол үшінде Еуропа Одағының мүшелеріне қысым жасатпақпын, дейді Оливер Дюпи. Шешенстанды саясаткерлер байқағысы келмейді. Газеттерге қарағанда ықпалды телекомпаниялар қақтығыс шындығын бұрмалайды, дейді Оливер Дюпи.

Аштық наразылығының кейбір нәтижесі жоқ емес. Аслан Масхадовтың құғындағы әкімшілігі бейбітшілік орнатуға Біріккен Ұлттар Ұйымын қатыстырмақ. Оливер Дюпи бастаманы Еуропа парламентінің назарына талай салды. Енді міне депутаттардың төрттен бірі бастаманы қолдады. Оливер Дюпи мұны табыс деп қабылдайды.

Бірақ Еуропа комиссиясы деген басқа мекемеге келгенде Оливер Дюпи өте наразы. Оливер Дюпи Еуропа комиссиясының ізгілік көмек көрсету үйлестірушісі Пол Нейлсонды қатты сөгіп отыр. Шешенстандағы жағдайға аса қатты алаңдауға тиіс дәл осы қызметкер аймақта осыдан төрт жыл бұрын қане болған екен. Екінші шешен науқаны 1999 жылы басталғалы бері Шешенстанда мыңдаған бейбіт тұрғын, мыңдаған көтерілісшімен Ресей сарбазы өлтірілді. Адам ұрлау, зорлау, соттан тыс өліммен жазалау және басқа зұлымдықтар жөнінде мәліметтер үзілмей айтылады.

- Аштығымды дәл ертең тоқтатқым келмейді. Біріншіден, дәл ертең нақты және дұрыс жауапқа қол жеткіземін деп ойламаймын. Мен өте көп мәселені көтердім, енді нақты шешім жолдарын қарастыра бастауымыз керек. Шешенстан мәселесін шешуге шамам жетеді деп адаспайпын. Бірақ, әйтеуір бір шетінен бастауымыз керек қой.

Оливер Дюпи аштығын 23 ақпанға дейін жалғастырмақ. Дәл осы күні, 1944 жылда Сталин шешен халқын Орта Азияға аударған.
XS
SM
MD
LG