Accessibility links

“Қазақстан және Сауд Арабиясы” атты кітап жарыққа шықты


Сейсенбі күні Алматыда Достық үйінде Қазақстанның Мысырдағы елшісі Бағдад Әміреевтің “Қазақстан және Сауд Арабиясы”, “Араб монархиясы және оның Қазақстанның ішкі саясатындағы алар орны” атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі болды. Аталған еңбектерде Қазақстанның Сауд Арабиясы, Парсы шығанағы елдерімен соңғы 12 жыл ішіндегі орнатқан сыртқы саяси жағдайы, дипломатиялық қарым- қатынастары сөз етіледі. Жарық көрген жаңа жинақтары жөнінде Бағдад Әміреев мырза былай дейді.

- Бұл жарыққа шығып отырған кітаптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының сыртқы саяси қарым-қатынасына арналған. Жалпы мұсылман халықтарының түпкі тамыры бір. Ел болғаннан кейін ел мен ел арасында саяси-экономикалық, достық байланыс болады. Тәуелсіздік жылдарынан кейін сол қарым қатынасымызды қайта жандандырдық. Сол жандандыру барысы қалай жалғасуда, өткен 12 жыл ішінде қандай маңызды қадамдар жасадық деген мәселелер сөз болады. Ал екінші кітапта Қазақстанның Парсы шығанағындағы елдермен қарым-қатынасының тарихы жайында айттық. Ең қиын соғыс жүріп жатқан аймақтың саяси ахуалын, глоболизацияның әсері, модернизацияның деңгейі қандай? Осындай мәселелер жөнінде толығырақ мәлімет беруге тырыстық.

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов мырза жаңа кітаптар тарихшылар мен саясаттанушылар қызығушылығын арттыратын құнды еңбек деп бағалады.

Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі Али-Аль-Хамдан мырза Бағдад Әміреев өз еңбектері арқылы Сауд арабиясы елдерін өз еліне жан-жақты таныстырып отыр деді.
XS
SM
MD
LG