Еуропа одағы алдағы мамыр айының бірінде тағы да он мүше елге көбеймек. Бірақ ол тарихи күн жақындаған сайын блоктың көршілес үлкен мемлекет Ресеймен өзара байланысы күрделене бастағандай.
ЕуроОдақ кеңейген кезде біз сауда-саттықтан ұтыламыз деп Ресей Еуропа одағынан оған өтемақы талап етуде. Сондай-ақ саяси мәселелер арасында Балтық бойы елдеріндегі орыстар жағдайы және олардан талап етілетін виза мәселесі де бар.
ЕуроОдақ кеңейген кезде туындайтын мәселелер текқана өзара және жаңа мүшелерге қатысты болады, бірақ одақтан тыс елдердің ол үдеріске әсер-ықпалы болмайды деген ойлар және бар. Ондай жағдайға Ресейдің көне қоятын түрі жоқ. Осыдан екі апта алдын Ресей ЕуроОдақтағы Ирландия президенттігіне, мамырдың біріне дейін шешілуі тиіс, 14 бөлімнен тұратын талаптар тізімін ұсынған.
Ал өткен жұмада Ресей сауда және экономикалық даму министрі Герман Греф Брюсселге барып, ол мәселелердің бір қатарын ЕуроОдақтағы сауда комиссионері Паскал Леймимен өзара талқылаған. Леймидің өкілі Аранча Гонзалес екі тараф арасында болған ол келіссөздерді растайды.
- Біз Ресей қойған талап, ұсыныстарды олармен бірге талқылаудамыз. Біз алған тізімде блоктың кеңейтілуіне қатысты мәселелер де бар. Мысалы, Ресейден келетін металл өнімдеріне Еропа одағы квота белгілейді. Сондай-ақ, одақ кеңейген кезде блокқа қосылудан үміткер елдер мен Ресей арасындағы сауда-саттыққа да квота қойылуы айдан анық, - дейді ЕуроОдақ өкілі.
Бірақ Гонзалестің айтуынша, Ресей қойған бір қатар талаптардың блоктың кеңейтілуіне ешқандай қатысы жоқ, сондықтан олар қабылданбайды.
Енді ЕуроОдаққа Ресей қойған талаптардың кей бірін атап өтсек. Ресейлік экспортерларға қойылар талапты жеңілдету, Ресей ядролық экпортына және энергия импортына жасалатын шектеулерді жаңа мүшелерден алып тастау, әуе ұшақтарының дауысын реттеу, сондай-ақ, Ресейден эксклав жағдайында қалған Калининград облысына орай Литвадан жеңілдіктер сұрау, тағы тағылар. Ал ең қиын талаптар қатарында одаққа жаңадан мүше елдердегі орыстар үшін виза тәртібін алып тастау, Эстония мен Латвиядағы орыстардың азаматтық мәселесін дұрыс шешу бар болған. Бірақ Еуро комиссия бұл екі соңғы талапты да бірден орындалмайды деп шешкен.
Эстония мен Латвиядағы орыс тілділердің жағдайына орай комиссия өкілі Эмма Удвин ханым тілшімізге былай деген.
- Біздіңше, ЕуроОдаққа мүшелік мәселесінің дайындалуы барысында үміткер елдердегі орыс өкілдерінің жағдайы бір шама жақсарды. Сондай-ақ, блок кеңейтілген кезде де ол үдеріс жалғаса бермек. Себебі олар өздеріне тисті міндеттемелерін орындауда, - дейді Эмма Удвин.
Ресей қойған талаптардың арасында жергілікті ұлттық тілден тест тапсыруды, азаматтық алар кездегі эмтихан сынағын алып тастап, жиі тұратын аймақтарда орыс тілін ресми тіл етіп жариялау мәселесі де бар.