Accessibility links

Ирақ жөнінде Колин Пауелдың бір жыл бұрын айтқанына сарапшылар күмән келтіріп отыр


АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл осыдан бір жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде жиналған әріптестеріне ерекше мәлімдеме жасаған еді. Ол сарапталған барлау мәліметтерін жариялап, аудио және бейнедеректерді ұсынып, Саддам Хұсейн жойқын қару бағдарламасын іске асырып жатыр деп дәлелдеуге күш салды. Енді міне мәлімденген жойқын қару әлі табылмай жатқан тұста АҚШ және Британия басшылары мәселені тәуелсіз комиссиялар арқылы тексертуге келісті.

АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелдың былтырғы 5-ші ақпандағы сөзі Ираққа соғыс ашу мәселесіндегі қарсылықтарды тежемеген еді. Франция, Германия және Ресей қару инспекцияның жұмысын жалғастыра түсу керек деді. Саддам Хұсейнді орнынан қайтседе кетіруге бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қаулысын шығартуға Америка Құрама Штаттары және Британия күш салды, ақыры наурыз айында соғысты бастап жіберді.

Колин Пауелл Ирақтан төнген қауіп жөнінде Америка Құрама Штаттарының дәлелдері жеткілікті деді:

- Сіздер бұл мәселеде нақты деректі және өзгеге зақым келтіретін мінезді көре аласыздар. Деректермен Ирақтың беталысы Саддам Хұсейн халықаралық қуымдастықтың талабына құлақ салмай, қарусыздануға ешқандай әрекет, ешқандай әрекет жасамағанын көрсетеді. Шындығында деректер және Ирақтың беталысы Саддам Хұсейн және оның билігі жойқын қаруды көбірек өндіруге бағытталған әрекеттерін жасырып отырғанын көрсетеді.

Колин Пауелдың нақты келтірген басты уәждерін айтатын болсақ –16 мың зымыранды толтыруға Ирақтың қолында жеткілікті химиялық заттар бар делінді. Халықты жаппай қыруға жеткілікті биологиялық қаруды Ирақ жасай алады, Ирақ байытылған уран өндіре алады делінді. Артта қалған бір жылдың ішінде АҚШ бастаған зерттеу тобы жойқын қарудың ізін таба алмады. Министр Пауелл келтірілген кейбір жеке деректер Халықаралық Атом энергетика агенттігі тарапынанда расталмады.

«Карнеги Халықаралық бейбітшілік қорының» өкілі Джозеф Сиринсиоуни мәселені осы қаңтар айында зерттегендерін айтады. Америка Құрама Штаттарына не болмаса Таяу Шығысқа Ирақтан тікелей қауіп болмаған еді, Бағдадтан төнген қауіпті Джордж Буш әкімшілігі жүйелі түрде теріс сипаттады, дейді Джозеф Сиринсиоуни:

- Коллин Пауелдың баяндамасынан бұл жөнінде нақты тұжырым табу қиын. Бағдарламалар жөнінде министр шамамен 29 тұста үлкен күдік айтты. Білуімізше, мұның бірде бірі расталған жоқ. Бұл сөздердің көпшілігі қазір шындыққа жанаспайтыны анық.

«Карнеги Халықаралық бейбітшілік қорының» өкілі Джозеф Сиринсиоуни Буш әкімшілігінің жоғары өкілдері Ирақ жөніндегі мәлімдемелеріне қайта оралып, қателерін мойындаса жөн дейді. Бұл жердегі мәселе – кейбір тұста төмендеп қалған сенім деңгейін қалпына келтіруде, дейді Джозеф Сиринсиоуни.

Ирақ соғысы алдындағы пікірталастарда Біріккен Ұлттар Ұйымының қару инспекциясы мәселенің тағы бір қиын тұсына үнемі назар аударатын. Жойқын қаруымызды залалсыздандырдық деп Саддам Хұсейнның үкіметі қанша айтса да, нақты дәлел келтірмеді. Комиссия өкілі Ивен Бучанян «Азаттық» радиосына берген сұхбатында былай деп еске алады:

- Қолымызда ондай нәрсе бұрын болған еді деп Ирақтың мойындағанының барлығын тексере алмайтынбыз. Мысал келтіретін болсам, биологиялық қарудың құрамдас бөлігі боп табылатын сегіз жарым тонна қарасан ауруы қоздырғыштарын Ирақ өндірген болатын. Бұл Ирақтың өз мәліметі. Ирақ бұл улы заттарды 1991 жылы жазда ешкімге көрсетпей жойып жібердік деді. Бірақ бұл мәлімет шындыққа сай ма, жоқ па екенін тексеру біз үшін қиындыққа соқты.

Ирақтың сол кездегі беталысына тек қане Америка Құрама Штаттары күдік келтірген жоқ.АҚШ-тың НАТО одағындағы серіктестері, басқада кейбір елдер Біріккен Ұлттар Ұйымының қару комиссиясына Ирақтың бой бермей келгеніне наразы болатын.
XS
SM
MD
LG