Accessibility links

Израйль полициясы өкімет басшысы Ариель Шаронның үйіне келді.


Ондағы мақсаттары- пара алуға қатысы бар деген айыптау жөнінде Шарон мырзаны сұраққа алу. Ол мәліметтер содан кейін прокурорларға тапсырылатын болады. Девид Епил деген іскер азамат 1990-шы жылы Шарон мырзаға пара беруге тырысты, деген айыптауға өткен айда іліккен болатын. Епил мырзаның жеке шаруасына қолдау көрсетуге әкесін көндіру үшін Шаронның ұлы Гилад сол кезде пара алған-міс деген сөз бар. Ол кезде Шарон мырза Израйль Сыртқы істер министрі қызметінде болған еді. Шарон да, Епил мырза да мұндай айыптауларды жоққа шығаруда-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG