Accessibility links

Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы әріптестік қарым-қатынастар болашақта бұдан да кең арналарда, жаңа биіктерде дами береді.


Бұл жөнінде Британия Сыртқы істер министрі Жак Строу бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бүгін басталған сапары мақсаты жөнінде Строу мырза: “Қазақстанмен арадағы байланысымызға Біріккен Корольдік елінің артып отырған үмітінің қаншалықты маңызды екендігін, сондай-ақ аймақтағы тұрақтылық және басқа салалар бойынша Қазақстанның маңызды орынын баса айту үшін мен мұнда келіп отырмын”, - деді.

Бұған дейін сөйлеген сөзінде Строу мырза Каспий аймағында екі елдің енергия көздері бойынша ортақ қызығушылығы жөнінде айтып өткен болатын. Өткен 10 жыл ішінде Қазақстанға тікелей әкелінген инвестиция көлемі жағынан Британия екінші орынға шығып отыр. Аталған инвестицияның жалпы көлемі өткен жылы да 2 миллиард 437 миллион 800 мың долларды құраған болатын.
XS
SM
MD
LG