Accessibility links

«Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заң жоба төңірегіндегі пікірталас


Қазақстандағы оппозициялық басылымдардың бірі- «Сөз» газетінің редакторы Шәріп Құрақбаевты мемлекеттегі саяси жағдай қатты толғындырады. Бірақ қазіргі кезде журналист Шәріп Құрақбаев ең алдымен «Бұқаралық ақпарат құралдары» жөніндегі заң жобаға алаңдап отыр. Бұл заң жоба мақұлданып, іс жүзіне аса бастаса, онда Қазақстан халқы толыққанды ақпаратқа қол жеткізе алмайды,- дейді ол.

Шәріп Құрақбаев, «Сөз» газетінің редакторы: - Журналисттер ең алдымен елдегі, ауылдағы қарапайым халықтың мүддесін қорғауы керек. Сол себептен журналисттерге еркіндік беру қажет. Өзін еркін азамат ретінде сезінген журналист ғана басқа халықтың мүддесін де қорғай алады.

Бұл орайда, «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы редакторы, журналист әрі мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижан Қазақстан үкіметі әзірлеген заң жобаны қолдайтынын білдірді.

Уәлихан Қалижан, Мәжіліс депутаты: - Журналисттерге шексіз билік беру керек пе, керек емес пе? Журналист өзінің жазған материалына жауапты ма, жауапты емес пе? Жазған болса, жауап берсін, яғни менің де мүддем қорғалуы керек. Бір адам туралы жазып, түрлі деректерді жариялап отырсаң, бұл ақпаратты дәлелдейтін құжатын болу керек, олай болмаған жағдайда адамның тағдырына, оның отбасына зардап әкелуге болмайды. Сол себептен диктатура, заң диктарурасы болу керек.

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы мақұлдамай жіберген заң жоба Журналисттер одағына да ұнамай отыр. Бұл жөнінде Журналисттер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев былай деді.

Cейтқазы Матаев, Қазақстан Журналисттер одағының төрағасы: - Журналисттер одағы мына заңға қарсы шықты.Көп журналисттің пікірі сондай. Сол себептен біз бұл заң жобаны парламент қабылдамаса, деп отырмыз. 19-20-ші ақпанда Атырауда Журналисттер конгрессі өтеді, мүмкін сонда біз журналисттермен ақылдасып, президентке хат жазып, «Бұқаралық ақпарат туралы» заң жобаға қол қоймаса, деп өтініш білдіретін шығармыз.

Қазақстан журналисттерінің басым көпшілігі парламентте жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заң жоба сөз бостандығына шектеу келтіреді дегенді айтса,Республиканың Ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов бұл заң жоба эротикаға тиым салмауы керек дегенді айтады.

Сауытбек Әбдірахманов, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрі: - Әр нәрсенің өзінің жөні бөлек. Негізінен Конституция бойынша, бізде порнографияға тиым салынған, сол себептен бұл жөнінде әңгіме қозғаудың қажеті жоқ. Енді бұл мәселенің екінші жағы бар, мына «сексуалды – эротикалық» деген мәселе. Мына заң жобада сол сипаттағы өнімдер түңгі 01.00 таңғы 05.00 дейін көрсетілсін делінген. Ал эротиканы көрсететін бейне өнімдер үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек, деген дұрыс емес. Себебі эротикалық көріністер әр-бір фильмде болады. Егер біз эротикалық көріністерге тиым салсақ, әлем алдында күлкіге қаламыз. Біз Абайдың «Тар төсекте төсіңді иіскер ме едің жалаңаш», деген өлең жолдарын ұятсыздық деп санайтын елге айналамыз. Олай емес, адам тәнінің сұлулығы, адам денесіне беретін қызығы, қуанышынан бас тартпауымыз керек. Қалай болғанымен, сөз бостаныдығына шектеу болмасын деген журналисттер «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заң жобаны 7-ші ақпан күні Алматыда өтетін митингте талқылайды. Бұл шараны журналист Геннадий Бендицкийді қорғау жөніндегі қоғамдық комитет ұйымдастырады.
XS
SM
MD
LG