Accessibility links

Ресей президенті Мәскеудегі қопарылысты наурызда өткелі отырған президенттік сайлаумен байланыстырғысы келді.


Мәскеу. Бүгін мәскеуліктер кеше метро қопарылысында опат болғандардың орнына гүл шоқтарын қойды. Кеше метро поездында болған қопарылыста 39 кісі опат болып, 100 ден аса кісі жарақаттанғаны белгілі. Ресей президенті Владимир Путин бұл қопарылысты наурызда өткелі отырған президенттік сайлаумен байланыстырғысы келді. "Президенттік сайлау аясында қалыптасып отырған саяси айтыстар барысында бұны пайдаланатын болады... оны жоққа шығара алмаймын" деді Путин. Ол сондай-ақ Ресей ланкестермен келіссөз жүргізбейді, оларды жояды деді.
XS
SM
MD
LG