Accessibility links

Ирақта соғыс қимылдарын бастау туралы шешімінің дұрыстығына АҚШ президенті Дж.Буш әлі де күмәнданбайды.


ВАШИНГТОН: Ирақта соғыс қимылдарын бастау туралы шешімінің дұрыстығына АҚШ президенті Дж.Буш әлі де күмәнданбайды. Эн-Би-Си телекомпаниясына жексенбіде берген сұхбатында Дж.Буш Ираққа басып кіру жөніндегі шешімінің ең сенімді мәліметтерді арқау еткенін атап көрсетті. Мен, деп мәлімдеді Дж.Буш, өз шешімімді осы жылдарда жиналған ең сенімді деректермен негіздедім. Ол деректерді біздің сарапшылар ғана емес, басқа елдердің сарапшылары да ақиқат деп тапты”. АҚШ президенті Ирақтың қаруы туралы барлау мәліметтерін тексеру үшін өзі құрған комиссияның соғысты бастауға қаншалықты негіз болғаны туралы сауалға түпкілікті жауап береді деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG