Accessibility links

Қазақстанның “Аграрлық” партиясына бес жыл


1999-ші жылы құрылған Қазақстан Республикасының Аграрлық партиясы бес жылда айтарлықтай жұмыс атқардық, деген қортындыға келіп отыр. Қазақстан Республикасы Аграрлық партиясы аппаратының жетекшісі Алмас Жолтаевтың айтуынша, соңғы жылдары бұл партияның ауыл шаруашылыгына сеңірген еңбегі зор.

Алмас Жолтаев, Қазақстан Республикасы «Аграрлық» партиясының аппарат жетекшісі: - Партияның аты айтып тұрғандай, партияның негізгі мақсаты - ауыл мен ауылшаруашылығын көтеру. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1990 –шы жылдары нарықтық жүйеге көше бастағаннан кейін, ауылшарушылығы реформаларға біраз үлгере алмай қалды. Сол себептен партияның бірінші мақсаты- ауылды, ауылшаруашылығын көтеру болды. Бірақ біз бұл саланы нарыққа бейімдеп көтеруді көздедік. Нарықтың жүйесін ауылға енгізу. Осы мақсатта біраз жұмыстар атқарылды.

Бес жыл барысында Аграрлық партия нәтижелі жұмыс жасады, деген Алмас Жолтаев партия дүниеге әкелген заңдарға тоқталып өтті.

Алмас Жолтаев, Қазақстан Республикасы «Аграрлық» партиясының аппарат жетекшісі: - Бес жыл барысында парламентте партияның фракциясы құрылды, бұл фракция ауылшарушылығын көтеруге бағытталған заңдардың топтамасын қабылдады, соның жұмыс топтарын басқарып, сол заңдарды жетілдіруге белсене қатысты, деп айтуға болады,яғни «Жер Кодексі», « Астық» туралы заң, « Асыл тұқымды мал» туралы, «Өсімдікті қорғау» сияқты көптеген заң қабылданды, ол заңдардың барлығы жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, партия ауыл шаруашылығына жеңілдіктер жасап жатыр. Енді біз ауылшаруашылығын өңдеу, ұқсату мәселесін көтеріп отырмыз. Аграрлық партия алда болатын мәжіліс сайлауына дайындалып жатыр, - дейді Алмас Жолтаев.

Алмас Жолтаев, Қазақстан Республикасы «Аграрлық» партиясының аппарат жетекшісі: - Біз күзде өтетін Мәжіліс сайлауына қатысамыз, деп отырмыз. Мәжіліс сайлауында, яғни партиялық тізіммен өтетін сайлауда үшінші орынға ие болғымыз келеді. Бұл үмітіміздің негізі бар, деп айта аламыз. Сонымен қатар, Алмас Жолтаев алдағы болашақта аграрлық партия халықтың ойынан шығатын шығар, деп үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG