Accessibility links

Гүржістанның жаңадан сайланған президенті Михаил Саакашвили бүгін Мәскеуге өзінің алғашқы ресми сапарымен келді.


Саакашвили Ресей астанасында Үкімет ресмилері және Ресей Патриархы Алексей 2- імен кездесті. Гүржістан президенті ертең сәрсенбіде президент Путинмен кездесіп, Гүржістанда бәлкім жасырынып жүрген шешен қарулылары, Ресейдің әліге дейін Советтік кезден қалған әскери базалары, сондай-ақ Гүржістанның Каспий аймағындағы мұнай тасу саласындағы рөлі жөнінде пікір алмаспақ. Мәскеуге ұшар алдында Саакашвили тілшілерге, мен бұл сапардан ерекше жағдай күтпеймін, бірақ екі ел арасындағы байланыстар дұрыс арнаға түсер деп үміттенемін, деген.
XS
SM
MD
LG