Бұл жайында ҚазАқпаратқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бас қосуда Сенім шаралары каталогы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртібі мен Хатшылық туралы ереже жобалары жасалмақшы.
Сенім шаралары каталогы Азия құрлығындағы қауіпісіздік пен сенім шараларын нығайтып, әскери-саяси, экономикалық, мәдени және экологиялық салалар шарасын кешенді құруға шақырады.
Сенім шаралары жобасы үстіміздегі жылғы қазан айында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің отырысында қабылданады деп жоспарланып отыр.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес процедураларының тәртібі мен Хатшылық ережесінің жобаларын қабылдау мерзімі 2006 жылы өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер басшылары қатысатын оның екінші саммитінде, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының ресми ашылуы қарсаңына орай жоспарланып отыр.
Ақпаннның 11-13-і аралығында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше-мемлекеттердің Аға лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсанға саяси баға беру, қуғын-сүргін ұйымдастырғандарды жауапқа тарту талабы неге аяқсыз қалды?
AzattyqTV