Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Оңжанов хабарлады. Ол көршілес мемлекеттердің су энергетикалық құрылымдарын бірлесе пайдалану жөніндегі уағдаластықтарын орындамауы салдарынан Шардара су қоймасында күрделі жағдай қалыптасып отырғандығын атап өтті. Бұл кеңеске қазақстандық делегацияны Бас министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов бастап барады. Кездесуде 2004 жылғы қаңтардың 4-інде Шымкентте болған үш елдің бас министрлерінің орынбасарларының бас қосуында келісілген шараларды ақырына дейін жеткізу жайы сарапталады. Сондай-ақ, бұл басқосуда Нарын-Сырдария су қоймасынан көктемгі тасқын суларды ақпан-наурыз айларында сатылап босатудың жайы да талқыланады.
Бүгін, Ақпанның 11-інде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттері Үкімет басшыларының орынбасарлары Шардара су қоймасындағы орын алып отырған мәселеге байланысты Бішкекте бас қосады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"