Accessibility links

БҰҰ-ының сарапшылары Ирақта 1 апта болады.


БҰҰ: БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Бірлескен Ұлттар Ирақтың Басқару кеңесіне сайлау өткізу мүмкіндігі туралы кеңесін осы айдың соңына дейін ұсынады деген үмітін білдіруде. БҰҰ-ының сарапшылар делегациясы Ирақта бір апта болып, Кофи Аннанның мәлімдеуінше, халықтың сайлау өткізуге деген көңіл-күйін бағалайтын болады. Бас хатшының тағы қайталап айтуынша, Ирақтағы саяси биліктің жергілікті халықтың қолына 30-ыншы маусымда берілу мерзімін қайта қарауға болар еді. Осы жөнінде БҰҰ-нан біздің Радиомыздың тілшісі Роберт Макмахон хабарлайды.

НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ы сарапшыларының 9 кісіден тұратын делегациясы Ирақтағы негізгі саяси және қоғам қайраткерлерімен келіссөздерін өткізді және Ирақта сайлау өткізудің мүмкіндіктері туралы өз қорытындысын шамамен 1 аптаның ішінде болады деп үміттенеді. Дүйсенбі күні журналистерге айтқан сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан: Ирақта сайлау ұйымдастыру туралы ақырғы ұсыныс айдың соңында дайын болар деген пікірін білдірді. Бұл - Ирақтағы Басқару кеңесінің құзырындағы биліктің АҚШ бастаған өтпелі үкіметке берілетін ақырғы мерзім. БҰҰ-ының сарапшылары өз сапарын Ирақтағы шеит және суннит мұсылмандары мен күрдтерді ортақ пікірге жетелейтін үрдісті анықтау деп біледі. К.Аннан сарапшылардың миссиясын “күрделі саяси мақсатты және аса жауапты” деп атады, ол делегацияның жетекшісі етіп БҰҰ-ының аға дипломаты Лаһдар Брахимиді тағайындауын содан. Оның журналистерге айтуынша, БҰҰ-ы - 30 маусымды әлі де болса – Ирақтағы Басқару кеңесі мен коалициялық күштердің көздегені деп есептейді. К.Аннанның айтуынша, егер Ирақтағы ауызбірлікке жету үшін әлгі мерзімді қайта қарау керек болса, онда ол мәселені қарауға болар еді.

К.А.: “Біз барлық жақпен пікірлерін білмекпіз. Егер де тараптар басқа бір шараға келісетіндей болса, онда одан бас тартуға болмайды. Оны қарастыру керек”.

Ирақ халқының басым бөлігі - шеит мұсылмандарының рухани жетекшісі аятолла Әли Ас-Систани өтпелі үкіметті 30-ыншы маусымға дейін жасақтау үшін, аймақтатық сайлауларды өткізу туралы АҚШ-тың жоспарын мақұлдамады. Ол тікелей сайлау өткізуді талап етіп отыр. АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, осындай қысқа мерзімде ойдағыдай сайлау өткізу мүмкін емес. АҚШ өкілдерімен кездесуден бас тартқан Ас-Систани Лаһдар Брахимимен оның Ираққа сапары барысында жүздесуді жоспарлауда. Оның пікірі бойынша, БҰҰ-ы сайлау ұйымдастыру жөнінде қорытынды шығара алады. Ал БҰҰ-ының сарапшыларымен келіссөздер жүргізген Басқару кеңесінің мүшелері 30 маусымға тоқталып отыр. Келіссөздерге қатысқандардың бірі – Ирақ компартиясының лидері Хамид Мусаның айтуынша, Басқару кеңесіндегі көпшілік БҰҰ-ының делегациясына сайлауды өтпелі үкімет жасақталғанға дейін өткізбеу керектігін мәлімдеген. Алайда дүйсенбіде Мусаның өзі атап көрсеткендей, сайлауды дереу өткізуді талап етушілер мен оның қарсыластары өзара уәжге келуге тырысып көрмек.

Чилидің БҰҰ-ымындағы әрі оның Қауіпсіздік Кеңесіндегі елшісі Херальдо Муноздың пікірінше, қалған кезеңнің ішінде Ирақ халқының өзі барлық жақтың көңілінен шығатын таңдау жасайды деген үлкен үміт бар:

Х.М.: Ирақ халқының басым бөлігін билейтін адамдар, бәлкім, дұрыс жолды таңдай алар. Біз де БҰҰ-ы миссияның Ирақтағы барлық жақты қанағаттандыратын және Ирақтағы барлық күштерді татуластыратын ең үздік шешім табатынына үміттенеміз”.

БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіндегі Кофи Аннанның дүйсенбілік мәлімдемесінен соң, БҰҰ-мындағы АҚШ өкілі Джон Негропонте: - Біріккен Ұлттардың ұсыныстарын АҚШ әкімшілігі міндетті түрде назарына алады, деп атап көрсетті. Бірақ билікті Ирақ халқының қолына беретін мерзімнің өзгеретін-өзгермейтіні жөнінде ештеңе айтпады:

Дж.Н.: Біз 30 маусым мерзіміне көп үміт артамыз. Бұл – біз үшін өте маңызды мерзім. БҰҰ-ы шамамен 100 елдегі сайлау жөнінде көмекті қамтамасыз етті. Олардың қатарында Ауғанстан да бар, онда БҰҰ-ы маусым айына белгіленген сайлауды ұйымдастыру мен тіркеу өткізу үрдісіне БҰҰ-ы атсалысуда.
XS
SM
MD
LG