Accessibility links

Бір топ депутат Қазақстан Президентінің атына Арқалық түрмесінде орын алған жағдайға байланысты үндеу жолдады.


Соңғы кездері саясаткерлер де дінге бет бұра бастады. Соның бір дәлелі Парламент Мәжілісінің депутаттары Амалбек Тшан мен Асқар Қабанбаев жақында Меккеге барып қайтты.

Ақпанның 11-і күні болған Парламент Мәжілісінң жалпы отырсында

Қажы Асқар Қабанбаев бастаған бір топ депутат Қазақстан Президентінің атына жолдаған үндеуінде, өткен аптада Арқалық түрмесінде орын алған жағдайға байланысты мәселені қозғады.

Естеріңізде болар Ақпанның 4-күнi Қазақстандағы КТК телеарнасынан Арқалықтағы түрме қызметкерлерi тұтқындарды аяусыз ұрып-соғатынын айғақтайтын бейнежазба көрсетiлген еді.

Осыған байланысты қажы-депутат Асқар Қабанбаев “Меккеден келген бетте осы жантүршігерлік бейнежазбаны көріп, мемлекет басшысына орын алып отырған жағдай жайында айтқанды жөн көрдік” - деді.

“Парламенттен екі депутат Амалбек Тшан және мен Меккеге барып қайттық. Қажылық жасап, әлемнің әр түкпірінен жиналған мұсылмандармен бірге болып, құдайдың үйін көріп, намаз оқып қайттық. Алла-Тағаланың шынында да бар екендігін, мұсылман дінінің негізін ұғып келген кезде, ұшақтан түсе салып, елде не жаңалық болып жатыр деп телеканалды қойған кезде осы жантүршігерлік бейнежазбаны көрдік. Ұрып-соғып, итше тепкілеп жатыр. Сол жердегі қызметкерлер жалданып ақша тауып жатыр ғой. Оларға ешкім ұр деген жоқ тұтқындарды. Ол заңда да жоқ. Онсызда бас бостандығынан айырылып өз жазасын тартып жатыр ғой. Олар да адам. Тіпті хайуан ғұрлы санамай өлтіруге дейін сабап жақанды көріп шыдамадық. Сондықтан осы үндеуді президентке арнағанды жөн көрдік. Мүмкін елбасы естімеген шығар,оған жеткізбеген шығар осы орын алған жғдай жайында. Мемлекет басшысы осындай заң бұзушылықтарға жол беріліп отырғандығын білісін деп жаздық. Бізд халқымызды бірін-бірі өлтіруге жеткізбеуіміз керек. Адамдардың бір-біріне аяушылық сезімі болуы керектігі Шариғатта да келтіріген”.

Мәжіліс депутаты Асқар Қабанбаев сөзінің соңында “Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан түрмелердегі жүйені өзгертуге және мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеуге көңіл бөлуін сұрадық” - деді.
XS
SM
MD
LG