Сәрсенбі күні Вашингтонда жасаған мәлімдемесінде Буш, жаңа елдерге ядролық отын өндіру мүмкіндігін бермеу керек, деді. Ол, БҰҰ-ның Халықаралық Атом қуаты бойынша агентігі таратуға тосқауыл қоятын аранулы комитет жұмысын күшейтіп кепілдік беруі тиіс деп өз ұсынысын білдірді. Лаңкестердің ядролық қаруға "ие болуының қаупі жоғары",- деді Буш. Сондай-ақ, Иран өзінің уранды байыту бағдарламасынан бас тартқан жоқ,-деді АҚШ президенті. Ресми Теғран ядролық қару жасау мақсаты жоқ екендігін айтуда. Бұған қосымша АҚШ пен оның серіктестері Солтүстік Кореяны өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндірмек.