Бүгін бейсенбіде Қазақстан үкімет басының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов Оңтүстік Қазақстан облысы басшылығымен тікұшақпен Шардара және Арнасай су қоймаларын айланып ұшып, онда қалыптасқан жағдаймен танысты.
Есімовтың айтуынша, Шардарадағы жағдай ойдағыдай.
Оңтүстік Қазақстаннан кейін бүгін Ахметжан Есімов басқарған ресми топ қауіп төндіре бастаған су тасқыны мәселесін талқылау үшін Өзбекстан астанасы Тәшкенге келді.