Кеше жұмада, АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Ричард Баучер , Иран БҰҰ ядролық агенттігі қойған талаптарға орай іс тұтуы керек еді, бірақ осы кезге дейін өз ядролық бағдарламасы жөніндегі дерек-мәліметтерді құпия ұстап келуде, деген.
- Халықаралық атом қуаты агенттігінің бас директоры наурыз айында бұл жөнінде есеп береді. Сонда Иранның өз уәдесінде тұрған-тұрмағандығы анық болып қалады, - дейді Ричард Баучер.
Ал Иран сыртқы істер министрі Харразидің айтуынша, Иранның ядролық қарулар шығару жөніндегі жоспары жоқ екен.
Иран сыртқы істер министрі Қамал Харрази, Иранның ядролық отын жасап шығаруға шамасы келеді және оны шет елге сатуға дайын, дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV