Accessibility links

АҚШ-тағы президенттік сайлауға Джордж Бушқа балама ретінде Сенат депутаты Джонн Керри шығады


Америка Құрама Штаттарында президенттік сайлау жақындаған тұста қазіргі басшы Джордж Бушқа балама тұлға кім болатыны жексенбі күні анықталды. Бұл – Сенат депутаты, Демократиялық партияның өкілі Джонн Керри. Джонн Керри Буш әкімшілігінің қазіргі саясатын қатты сынға алып отыр.

Сенат депутаты 60-жасар Джонн Керри Демократиялық партияның ішіндегі сайлауларда жеңіп, Джордж Бушқа қарсы шығатын негізгі үміткер атанды. Джон Керри Невада штатындағы сайлауда 63 пайыз дауыс алса, Колумбия аймағында 47 пайызға қол жеткізді. Вашингтондағы сайлауда 20 пайыз жинап, екінші орынға құқыққорғаушы белсенді Аль Шарптон шықты, үшінші орында - 17 пайыз жинаған Вермонт штатының бұрынғы әкімі Хоуард Дин. Демократиялық партия қазіргі таңда оппозициялық бағытта, сондықтан Республикалық партияның өкілі Джордж Бушты алдағы сайлауда жеңуге күші жетеді деген үміткерді таңдау үлкен сынға айналды.

Джонн Керри бұқаралық сөздерінде Джордж Буш әкімшілігінің қазіргі саясатын қатты сынға алып отыр. Мәселен, Милуоки қаласында жексенбі күні сөйлегенінде Джонн Керри Буштың қызметі Американың келбетіне сай емес десе, Уисконсинде сөйлегенінде Джонн Керри жастарымызды соғысқа аттандармай, қолына жұмыс тауып беремін деп мәлімдеді:

- Біз энергетикалық тәуелсіздік үшін күресетін боламыз. Бұл экономикалық кеңістіктерге, жаңа бастамаларға жол ашады, Америка Құрама Штаттарында 500 мың жұмыс орнын құруға жағдай туғызады. Ең бастысы, қару асынған бірде бір американдық жас азамат соғысқа жөнелтілмейтін болады, Американың мұнай үшін тәуелсіздігіне бола Таяу Шығыста өмірін жан пида қылмайтын болады.

Джонн Керридің жақтастарымен қазіргі президент Джордж Буштың жақтастарының арасында ақпарат бәсекесі бірден қарқын алғанын атаған жөн. Республикалық партия Джон Керриге қарсы жарнаманы интернетке шығарды да, жарнаманың адресін электрондық хат арқылы алты миллион американдық азаматқа жолдады. Демократиялық партия бұған жауап ретінде Джордж Бушты сынайтын жарнаманы дайындап жатыр. Джонн Керридің жақтастары Джордж Буштың жарнама науқанына ақша мұнай-газ компанияларынан түсіп жатыр, ірі банктермен инвестициялық компаниялардан, тіпті банкроттыққа батқан атышулы "Енрон" компаниясынан түсіп жатыр деп ден қоюда. Джонн Керри Республикалық партияның интернетке шығарған бейнеқойылымын бос айғай-шу, мағнасыз әңгіме деп тапты:

- Республикалық партия шабуылдау жолымен жүре беретін көрінеді. Бірақ мен бір нәрсені айтайын. Олар шындықтан қаша алмайды. Қараша айы келе жатыр. Джордж Буш өз білгенін іске асырып жатыр. Біз болсақ Америка арманына сай тұрғызылған мемлекетті өзіміздің мұратымызға сай қайта жаңғыртуға бет алып отырмыз. Бұл Америка құндылықтарына сай деп үміттеніп отырмыз.

Джордж Буштың саясатында экономикалық қате көп деп Уисконсиндағы жиында Демократиялық партияның өкілі Джон Эдуардста айтты. Эдуардс Демократиялық партияның ішінен алға шығамын деген үміткерлердің бірі еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG