Сейсенбі күні БҰҰ –ның Даму бағдарламасы СПИД пен адамның иммундық жетіспеушілігін қоздыратын вирустың Шығыс Еуропа мен бұрынғы советтік кеңістікте таралу қарқыны туралы баяндамасын жариялады. Бұл баяндамада аталмыш індеттің аймақтағы 28 елдегі таралу барысы көрсетілген. Баяндама әсіресе індеттің Ресей, Беларусия, Украина, Молдова және Эстония елдеріне таралу барысына баса назар аударған. Бұл аталған елдерде 1 миллион 800 мың адам яғни жалпы халық санының 1 пайызы жоғарыда аталған қатерлі індетке шалдыққан болуы мүмкін делінген.
Егер де, бұл жұқпалы дертке халықтың 1 пайызынан астамы шалдығар болса онда бұл дертпен күрес қиынға соқпақ. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Еуропа мен ТМД бойынша директоры Калман Миззей:
"Халықтың 1 пайызынан астамы бұл індетке шалдыққан жағдайда жедел шара қолданылмаса, және қолданылған шара түбегейлі болмаса онда біз ол жерде 3, 5, 6 жыл көлемінде жағдайды толық бақылаудан шығарып аламыз".
Оқиға екі жолмен дамуы мүмкін: Бірінші жол - Ресей мен Украинада енді бір 3 жыл шамасында өлім-жітім тым көбейіп кетуі мүмкін. Екінші жол: Індет өсе түспек. Алайда, оның өсуі не тежелеуі қоғам мен үкіметтің іс-шарасына байланысты болмақ.
"СПИД нашар үкіметтерді жазалайды. Себебі егер де үкіметтің барлық салалары өзара ынтымақтаса жұмыс істемесе онда індетпен шайқас нәтижесіз болмақ".
Баяндамада Польшаның бұл індетпен қалай нәтижелі күрескені айтылған. Польша бұл індетке ересектердің 1 пайызының оннан бірі шалдыққан деңгейде тосқауыл қоя алды.
БҰҰ-ның өкілі сондай-ақ осынау Шығыс Еуропа тәрізді халық саны азайып бара жатқан аймақ үшін СПИД індеті салмақты соққы болмақ деп біледі.
"Демографиялық дағдыға бой алдырған осынау ТМД-ның батыс бөлігіндегі Украина Ресей Беларус немесе Молдова тәрізді елдер үшін аталмыш індетке аз шалдығудың өзі қатерлі".
Баяндамада көрсетілгендей 145 миллион халқы бар Ресейде 2020 жылға дейін 5,4 миллионнан 14,5 миллионға дейін кісі бұл жұқпалы дертке шалдығуы мүмкін. Бұл жағдаят ел экономикасына ғана емес, елдің қорғаныс қабілетіне, қауіпсіздігіне мейлінше кері әсер етпек.
"Үкімет басы мен президенттерден бастап ресми түрде бұл проблеманы мойындап қана қоймай оған қарсы демократиялық және адами тәсілдермен күресуді қолға алған елдерде жағдай жөнделе бастамақ. Және бұндай басшылық істейтін нәрсе не?.... ол - мейлінше қарқынды науқан"
Яғни халыққа жұқпалы дертпен күрес жолдарын түсіндіру науқаны деп біледі БҰҰ-ның Даму бағдарламасының директоры Калман Миззей. Сондай-ақ бұндай дертке шалдыққандардың емделуінің қымбаттығын ескеріп ондай сырқаттарға үкімет жәрдем беруі керек деп біледі ол.