Accessibility links

Халықаралық Қызыл крест комитеті тұтқында отырған Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хұсеймен кездесуге мүмкіндік жасалуын АҚШтан сұрайды.


АҚШ, соғыс тұтқыны, деп жариялаған Саддам Хұсейн Ирақтағы бір жасырын жерде құпия ұсталуда. Бірақ, Ирақ елінің бұрыңғы президентінің болашақ азаматтық, құқықтық мәртебесі әзірше беймәлім қалып отыр.

Тілшіміздің Женевадан хабарлауынша, Халықаралық Қызыл крест комитеті, біраздан бері, вашингтондық ресмилермен сөйлесіп, қазіргі кезде абақтыда отырған бұрыңғы президент Саддам Хұсейнмен кездесүдің мүмкіндігін, және ондай мүмкіндіктің қашан туатынын өтіне сұрап келе жатыр екен. Ал Қызыл Крест өкілі Флорияна Вествалдың айтуынша, қашан екендігі әзірше белгісіз, бірақ ондай мүмкіндік болады депті.

- Халықаралық комитеттен Ирақта жүрген әріптестеріміз осы күндері, АҚШ басқаратын әкімшіліктен Саддам Хұсейнмен болар ол кездесудің жай-жапсарларын талқылауда, - деген Қызыл Крест өкілі.

Осыдан екі ай бұрын ұсталған Саддам Хұсейнге АҚШ, Ирақ соғысында жеңіліске ұшыраған бас қолбасшы ретінде соғыс тұтқыны айдарын тағып отыр.

Сондықтан, Саддамның, соғыс тұтқыны ретінде, халықаралық Женева шарттарына орай өз құқықтары бар. Атап айтсақ, Халықаралық Қызыл Крест ұйымы өкілімен кездесе алады, тамағы ойдағыдай болуы тиіс, діни құқытары сақталған, оны масқаралау, азаптауға ешкімнің құқығы жоқ.

Флориан Вествалдың айтуынша, соғыс тұтқындарының бұл құқықтары Женева шартына сай, адамдық ізгі ниеттерге негізделген.

- Мақсатымыз, соғыс тұтқындарының немесе қатардағы тұтқындардың абақтыда, Женева шарттарына сай, азаматтық құқықтарының бұзылмай отыруын анықтау. Бұл дегеніміз - олардың тіршілік жағдайын – тамақ, денсаулық, жатар орнын тексеру, сондай-ақ , күзетшілер мен әкімшіліктің оларға байланысты іс- тірліктерін тексеріп зерттеу болмақ, - дейді Халықаралық комитет өкілі.

Женева конвенциясы әрине соғыс тұтқындарымен кездесу күндерін белгілеп бермейді, бірақ қауіпсіздік жағдайларына орай ондай кездесуідің тезірек іске асуына септігін тигізеді, дейді Қызыл Крест өкілі.

Талдаушылардың пікірінше, Саддам Хұсейнге соғыс тұтқыны мәртебесін тағуда Вашингтон халықаралық заңдарды назарда тұтқан. Бірақ АҚШ тағайындаған Ирақтағы қазіргі басқару кеңесі Саддам Хұсейн соғыс қылмыскері ретінде әскери трибунал алдында жауап беруі керек деп есептейді.

Жексенбі күні Кувейттегі аймақтық конференция кезінде Ирақтағы уақтынша кеңестің қазіргі сыртқы істер министрі Зебари Саддамның соғыс тұтқыны деген мәртебесін өзгертіп Ирақ әділ сотына жауап беруін талап етеміз, депті.

Ал әзірше, Саддамның түпкі тағдыры не болары белгісіз. Дегенмен оның соғыс қылмыскері ретінде сотталуын қалап отырған АҚШтағы кейбір ресмилер, психологиялық жағынан алғанда, Саддам Хұсейнді бұрыңғы жетекшісі ретінде ирақтықтардың өздерінің соттағаны да дұрыс деп есептейді.

Бірақ әлемдегі көптеген халықаралық адам құқықтары ұйымдары Саддамның Ирақ трибуналына барғанның өзінде әділетті сотталуын қалайды. Сондай-ақ олар Ирақтағы өлім жазасына аса алаңдап, Саддам Хұсейн сотталар кезде өлім жазасына тиым салған ЕуроОдақ елдеріндегі жағдай, және оны қолдап отырған БҰҰның да көзғарасымен санасқанды жөн көреді.

Саддам ұсталғалы бері, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан да, біздің ұйым Ирақтың бұрынғы жетекшісі үстінен әділ сот болуын алайды , деп айтумен келеді.

- Қандай сот болса да халықаралық нормалар мен талаптарға сай іс жүргізуі міндетті. Солай еткенде ғана, ол біздің қолдауымызға ие бола алады. Бұл - аса маңызды нәрсе. Бірақ, тағы да айтамын, сот халықаралық дәреже денгейіндегі негізгі норма және стандарттарға сай шешім шығаруы қажет, - дейді БҰҰйымы бас хатшысы Кофи Аннан.
XS
SM
MD
LG