Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Ирақ сайлауын үкіметтік билік алмаспастан бұрын өткізуге болмайды, деді.


Хабарланғанындай, бас хатшы Кофи Аннан АҚШ жетекшілігіндегі одақтастардан басқару билігі Ирақтың өз басшыларына өтпестен бұрын, яғни маусымның 30ына дейін сайлаулар өткізу орынсыз болады деген. Кофи Аннан, сондай-ақ, кейінірек өткізілер ол сайлауды дұрыс деңгейде ұйымдастыра алатын жауапты үкімет керек, деген ой айтқан. Ирақтағы шииттер басым қауым үкіметтік билік ауысқанға дейін сайлау өткізу керек деп талап қойғаннан соң АҚШ БҰҰ басшысын бұл мәселеге араласуғы шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG