Ол бесеу Кубадағы Гуантанамо базасындағы АҚШ абақтысында 2 жыл отырған.
АҚШ оларды және тағы да бір даниялық азаматты кеше бейсенбіде бостандыққа шығарған болатын.
Британия Сыртқы істер министрі Джак Строның айтуынша, алдағы апталарда олар Британияға қайтарылады.
- Біз бұл жөнінде АҚШ әкімшілгімен келіскенбіз. Азаттық алмақ бұл тұтқындардың есімі - Рухел Ахмед, Тарек Дергул, Джамал ал Харит, Асиф Ықпал, жане Шафих Расул, - дейді Джак Стро.
АҚШ террорлық әрекетте күдікті 650 дей тұтқынды Гуантанамо аралында 2 жылдан бері ұстап келеді.